ҰБТ
Мұның бірнеше себебі болды. Оның ішінде - мектеп басшыларының 10-11 сынып оқушыларын тест сұрақтары бойынша басқа пәндерге зиянын тигізе отырып, жасанды түрде тартуға шектен тыс ұмтылысы, өтініштерді жинауда мұғалімдерге қосымша жүктеме.
Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушыларды ҰБТ-ға қатысудан шеттету, әкімдіктердің өңірдің орташа ұпайын әртүрлі тәсілмен көбейтуге тырысуы және т.б. Бұл ретте ҰБТ-ның орташа балының өзі диагностикалық функцияны орындай алмады. Тек орташа балды білу пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілуді ғана білдірмейді. Ал егер тақырыптар мен пәндер бойынша талдау болса, бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазір қабылданған шешім өз рөлін атқарғанын, педагогтер мен мектептерге түсетін жүктемені азайтқанын көріп отырмыз. Яғни оқушылар ҰБТ-ға электронды форматта өз бетінше өтініш берді және оларды ҰБТ-дан шеттету, сондай-ақ тек тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылды.
Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығардық.
Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік.
Бұл нені білдіреді?
Енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады. Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз.
Бұл не береді?
Бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады.
Сонымен қатар мұғалімдер де оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көреді. Мектепті алатын болсақ, мысалы, математика пәні мұғалімінің оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау себептерді анықтауға септігін тигізеді. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің өзі түсіндіруде қиналатыны не бағдарламада уақыт жеткіліксіздігі, оқулықтағы сұрақтар мәселесі және т.б.
Тиісінше, талдауға байланысты оқу бағдарламаларын пысықтау, мұғалімдердің мақсатты түрде біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын өзгерту және т.б. бойынша шешімдер қабылдай аламыз.
Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алады.
«Туы биік, тұғыры берік Қазақ елі»

27.04.2022ж.күні мектебіміздің тәрбие жоспары аясында "Кәсіп - өркениеттің бастауы" атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Кешке қонақ ретінде Қарақия ауданындағы қол өнер шеберлігін дамытып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған "Шаттық" сурет үйірмесінің жетекшісі Кенжебек Көреғұлов, аудан тұрғындарына тігіншілік қызмет көрсетіп отырған "Айкөркем" тігін шеберханасының басшысы Ақшагүл ханым және аудандық мәдениет үйі жанындағы "Шебер қолдар" үйірмесінің жетекшісі Ерманова Асем Отегенқызы , аудан кәсіпкерлерін қолдау ұйымы тарапынан "Атамекен" палатасының консултанты Атаниязов Азат Жексенбайұлы және Ақтау қаласындағы Satalam.kz Компаниясы атқаратын қызметтері кәсіпкерлерге жарнамалық қолдау және онлаин сатуды дамыту негізін қалаушылар: Зауытбай Аманкелді Балғабайұлы Арт директоры, Рафхат Алмат Рафхатұлы бағыттаушы директоры қатысты. Шарада қонақтар өз кәсібіне қол жеткізудегі атқарылған істер мен түрлі қиыншылықтар жөнінде сөз қозғап, келешекте өмір табалдырығын аттайтын жас кәсіп иелеріне өз тәжірибелерін айтып, сырларымен бөлісті. Ал, кәсіпті қолдау мекемесі "Атамекен" палатасының өкілі қазіргі замандағы кәсіп бастаушыларға арналған түрлі жеңілдіктермен таныстырды. Ақтау қаласы бойынша Satalam.kz компаниясынан келген қонақтар оқушы жастарға заманауи мамандыққа бейімделуі мақсатында "Мобилография" саласы бойынша мағлұмат беріп өтті. Кездесу соңында қонақтар әр салада өз шеберліктерімен жасалған түрлі бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, оқушылар мен ұстаздардың назарына ұсынса, мектеп жанындағы «Қосалқа» домбырашылар ансамблі күй тартып, мың бұралған биші қыздарымыз «Қуыршақ» биін билеп көрермендерді өнерлерімен тәнті етті. Кеш қонақтарына мектеп атынан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі журналист, ақын Шынар Кенденқызының "Тәңір гүлі" өлеңдер жинағы кітабы сыйға тарту етілді. Кездесу отырысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. "Келешек жастардың қолында"-деп Президентіміз айтқандай бұл кездесу берері мол, тәрбие мен іскерлікке бастар тағылымы жоғары кеш болды деп бағаладық. "Өнерлі адам, өмірдің бастамашысы" арамызда өз кәсібін игерер талантты жастар көп болғай!
ҰБТ
↗️Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»



Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев

«Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз. Өмір сүру құқығы. Адам өмірінің мәні»


Соңғы жаңалықтар


27.04.2022ж.күні мектебіміздің тәрбие жоспары аясында "Кәсіп - өркениеттің бастауы" атты дөңгелек үстел ...
27 сәуір 2022
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. ...
26 наурыз 2022
Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz